• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2014

Екі ел кәсіпкерлері жүздесті

338 рет
көрсетілді

Мұндай жүздесулер біздің облыс пен Ресейдің Алтай өлкесі бизнес құрылымдары арасындағы серік­тестікті дамытуға мүмкіндік береді. Облыстық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен алтайлық кәсіпкерлер өңірге келіп, жергілікті әріптестерімен В2В форматында жүздесті. Бизнес бизнес үшін деген мұндай форматтағы жүздесудің ерекшелігі кәсіпкерлер өзара бір-бірімен  танысып, еркін сұх­баттасады. Кәсіпкерлер палата­сы директорының орынбасары Гомар Қажкеновтің айтуынша, жалпы, екіжақты байланыстың  бизнестің алға басуына қосар үлесі  үлкен. Алтай өлкесінен «Бийск  зау­ыты», «Гуков» шаруа қожалығының басшылығы қатысты. Біздің облыстан «Богатырь-Көмір» ЖШС, «Майкубен-Вест», «Павлодар мұнай-химия зау­ы­ты» серіктестіктері, «Талапкер» «Романенко» шаруа қожалықтары және «Metro» сауда кешені сынды басқа да  бизнес құрылымдары болды. Олар ресейлік кәсіпкерлермен  бір күнде 12 кездесу өткізді. Мен павлодарлық 7 кәсіпкермен кездестім. Мысалы, «Metro» сауда кешен, «Рената» дүкендер желісімен тауарларымызды облыс көлемінде саудалау үшін келісімшарт жасадық,  дейді алтайлық «Гуков» шаруа қожа­­лығының басшысы Александр Гуков. Александр павлодарлық «Ро­маненко», «Щербак», «Талап­кер» шаруа қожалықтарын Алтай өлке­сіне келіп қайтуға шақырыпты. Ал «Бийск зауыты» өкілдері «Май­кубен-Вест», «ПМХЗ» кәсіп­орын­дарымен келісімдер жасасты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқар­масы­ның өкілдерімен жүздесіп, облыс орта­­лығындағы «Павлодар» арна­йы экономикалық аймағындағы «Каус­тик» АҚ-тың өндірісімен танысты. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Павлодар облысы.