Өткен тәулікте індет жұқтырудың 5 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
29 мамырдағы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында 4 адамнан коронавирус анықталды.
Сондай-ақ өткен тәулікте 11 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 745-ке жетті.