• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Парламент 30 Мамыр, 2022

Сенаттың «Парасат» байқауына өтінім қабылдау басталды

581 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты өткізетін БАҚ өкілдері арасындағы «Парасат» байқауына өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған орай конкурстық комиссия құрылды. Оның құрамында журналистика саласында айқын қолтаңбасын қалдырған белгілі сенаторлар – Бейбіт Исабаев, Нұртөре Жүсіп, Дана Нұржігіт, Айгүл Қапбарова және тағы басқа да депутаттар бар.

Байқауға қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, Президентіміздің елімізді жаңғырту бағдарының маңызын және Парламент Сенатының қызметін халыққа жеткізіп жүрген журналистер мен шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды ақпараттық тұрғыдан қолдауға қосқан үлесі үшін арнайы «Жаңа Қазақстан» номинациясы беріледі.

Жеңімпаздар дәстүр бойынша бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында марапатталады.

Байқау шарттары туралы толық ақпаратты Сенаттың сайтынан білуге болады.