• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Мамыр, 2022

Англияда құны 6 миллион фунт стерлинг тұратын яхта өртеніп кетті

339 рет
көрсетілді

Англияның оңтүстік-батысындағы Девон портында ұзындығы 26 метр болатын алып яхта өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлыбританияның қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметінше яхтаның бортында шамамен 8000 литр дизель отыны болған. Тілсіз жауды сөндіруге 6 сағатқа жуық уақыт кеткен.

Яхта суға батып кеткен, абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Полиция тұрғындардан қатты түтінге байланысты есіктер мен терезелерді жабық ұстау қажеттігін ескертті.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Салтанат Кенжебай