• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Мамыр, 2022

Ақтөбе облысында жоғалған жылқылар табылды

502 рет
көрсетілді

Қобда ауданы полиция бөліміне шаруашылық қожалығының иесі жүгінді. Оның айтуынша, 22 мамыр күні Жарық ауылынан 15 шақырым жердегі еркін жайылымнан 10 бас жылқы жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлерінен жедел іздестіру тобы құрылды.

Іздестіру тобы жоғалған жылқылардың болуы мүмкін жерлерді қарастырды. Үшінші күні учаскелік полиция инспекторы Батыс Қазақстан облысы шекарасында Қобда ауданының Жарық ауылынан 85-90 шақырым жерден жоғалған жылқыларды тапқан.

- Барлық жылқылар иесіне қайтарылды. Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін шаруашылық иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша хаттама толтырылды. Көбінесе мал еркін жайылымда болған, сондықтан қылмыстың көзіне айналған, - деп түсіндірді Қобда ауданы ПБ бастығы Ардақ Наяшев.

                                                                                                                            Гүлдана Елубай