• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 31 Мамыр, 2022

Ақпарат баршаға қолжетімді

263 рет
көрсетілді

«Референдум туралы» Заңға сәйкес биылғы еліміздегі басты оқиғаға қатысты ұйымдастыру жұмыстары ашық түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жөніндегі ақпарат баршаға қолжетімді. Орталық референдум комиссиясы аталған іс-шараның әзірлік барысы туралы азаматтарды хабардар етіп келеді.

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Оның сөзіне сүйенсек, комиссияның барлық отырысы гибридті форматта, яғни оффлайн әрі онлайн режімде бұқаралық ақпарат құралдарының қаты­су­ымен өткізіліп келеді. Жиындар ОРК-ның интернет ресур­сы арқылы көрсетіліп, сур­до­ау­дармамен қамтамасыз етілген. Әр отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне брифингтер өткізіліп, журналис­терге толық мәлімет беріле­ді, дейді орталық өкілдері. Рефе­рендумға қатысты қаулылар, бас­пасөз хабар­ламалары мен өзге де ақ­парат­тық материалдар комис­сия­ның интернет ресурсында ор­на­ластырылған және қол­же­тімді.

«Ақпараттық видео және ­­­аудио материалдар, интернет-баннерлер, мерзімді басы­лым­дарға арналған модульдер әзір­ле­ніп, республикалық және өңір­лік БАҚ-қа таратылған. Осы­лайша, комиссия тарапынан референдумға дайындық проце­сінің ашықтығы мен жария­лылығын қамтамасыз ету бо­йынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр», деп нақты­ла­ды жауапты орган өкіл­дері.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың айтуынша, алдағы саяси оқиғаға еліміздегі барлық ақпарат құралы жұмылдырылып, тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Ведомство басшысы БАҚ-та және әлеуметтік желілер арқылы өңірлер бойынша дауыс беру учаскелерін іздеуге байланысты ақпараттық хабарламалар мен графикалық өнімдер тара­тыл­ға­нын жеткізді.

5 мамырдан бастап 499 рес­пуб­­ликалық және өңірлік БАҚ-қа, атап айтқанда 321 газетке, 47 телеарна мен 13 интернет-ресурс­ке бақылау жүргізілді. Әзір­ге үгіт жұ­мыстарына бай­ланыс­ты бұ­з­у­шылықтар тіркел­меп­ті.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов «Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу» серви­сін әзірлеуге қатысты ведом­с­твоның атқарған жұмысы жө­нін­де айтты. Бұл қызмет Gov.kz/referendum, Referendum.gov.kz және Referendum2022.gov.kz ақпараттық платформаларында ұсынылған. Кез келген еліміздің азаматы ЖСН арқылы өз да­уыс беру учаскесін таба алады. Учаскесі табылмаған жағдайда автоматты түрде әкімдіктердің call-орталықтарының тізім­де­рі көрсетіледі. Мұндай қыз­мет түрлері Kaspi.kz және Homebank қосымшаларында да қарас­ты­рыл­ған.