Алматыдағы көшелердің жалпы ұзындығы 3 096 шақырым болса, 234 шақырымға жуық көшелерге әлі асфальт төселмеген. Бүкіл жол желілерін қоса алғанда, шаһар жолдары толық жөнделді деген көрсеткішке жеткен емес, мұны агломерация есебінен қаланың үздіксіз ұлғайып келе жатқанымен ақтауға болады. Оның үстіне Абай даңғылы, Саин мен Әуезов көшелері ұзартылып жатыр.
Биыл ұзындығы 221 шақырым болатын 224 көшеге, оның ішінде 19 магистралдық көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Оған қоса қалаға кейін қосылған Ақжар шағынауданына 48 шақырым жаңа жол салу жоспарланып, құрылысы басталып кетті.
Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов қанағаттанарлық дерлік жолдардың көрсеткішін 95%-ға дейін жеткізу үшін 2025 жылға дейін тағы 234 шақырым жаңа жол салу, кемінде 200 шақырымдай жолды жөндеу, 350 мың шаршы метрден астам асфальтбетон жабынына жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді. Оған қоса Алғабас, Әлмерек және Қайрат шағынаудандарында жұмыс жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта орташа жөндеу жұмыстары 39 көшеде, оның ішінде 7 магистралды көшеде, сондай-ақ Тастыбұлақ, Ақбұлақ, Өжет, Думан, Алатау (ЯФИ) шағынаудандарында жол салу мен жөндеу жүргізілуде. Орташа жөндеу жұмыстарын биылғы қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі және Саин көшесі – Мөңке би көшесі үш жолайрықтың құрылысы жалғасу үстінде. Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі жолайрығында жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Қала мен облыс аумағы бойынша сатып алу толығымен аяқталды. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау, сол арқылы көліктің барлық бағытта жүруін қамтамасыз ету жоспарлануда. Абаттандырумен қоса толық аяқтау 2022 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.
«Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысына келетін болсақ, онда да сатып алынған жол телімдерінде жұмыстар қолға алынды. Дегенмен жеті учаске сатып алынған жоқ. Аталған учаскелер бойынша сот рәсімдері жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы учаскелерді сатып алу шамасына қарай орындалатын болады. Жұмыстарды толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған», деді қалалық мобильділік басқармасының басшысы
Сондай-ақ Саин көшесі – Мөңке би көшесі айырығы жөніндегі жобаға түзету енгізіліп отыр. Биыл осы жолайрықта көлік қозғалысы басталғанымен, қосалқы жұмыстарын толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған.
Абай даңғылынан өту барысында биыл жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату мен абаттандыруды аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп Абай даңғылын ҮАААЖ-ға дейін ұзарту жұмыстары басталады.
Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі аралығы 3,2 шақырымды құрайды, ұзындығы 1,6 шақырым учаскенің дайындығы – 70%. Басқа учаскеде 67 жер телімін сатып алу қажет болса, оның 54-і сатып алынды, қалған 13 учаске бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта сатып алынған учаскелерді бұзу мен материалдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс та биылғы алты айда атқарылуға тиіс.
Дегенмен Әуезов көшесін Гоголь көшесінен бастап солтүстік бағытта Гоголь көшесінің қиылысында жол төсемі мен жабынның төменгі қабатын бітіру, инженерлік желілерді қайта орнату, бағдаршам салу жұмыстары орындалды.
Ғ.Мырзаханов Ясауи көшесінен қала шекарасына дейін батыс бағытта ұзындығы 4,5 шақырым болатын Төле би көшесінің де құрылысы басталғанын хабарлады. Объектінің құрылысына бөлінген шекараға 270 меншік иесінің жылжымайтын мүлкі түседі, оның ішінде 29 объекті сатып алынды, қалған 241 учаске бойынша жұмыс жүргізіліп отыр.
Оған қоса биыл Алатау даңғылынан «Алма Сити» ТҮК-ке дейін жол жұмыстарын бітіру, инженерлік желілерді қайта орнату жұмыстары да аяқталуы керек. Толық аяқтау жер учаскелерін сатып алу 2023-2024 жылдарға жоспарланған.
АЛМАТЫ