• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2014

Оңтүстік Кореяда паром апатынан қаза болғандар көп

374 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяда «Сэволь» паромының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандар саны 25 адамға жетті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Кеше кешкісін ауа райының қолайсыздығынан тоқтатылған іздеу-құтқару жұмыстары қайта жалғасып, теңізден тағы 16 адамның денесі табылды. «Сэволь» паромы сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауындағы Пёнпхундо аралынан 20 шақырым жерде апатқа ұшырады. Кеме Инчхон портынан Чеджудо аралына қарай бағыт алған. Оның бортында 475 адам болған. Қазіргі уақытта 179 жолаушы құтқарылса, 271 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Мамандардың пікірінше, паром су астындағы жартастарға соғылған болуы керек. «Сэволь» паромының капитанына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Оған жолаушыларды құтқару үшін тиісті шаралар қабылдаудың орнына, апатқа ұшыраған кемеден алғашқылардың бірі болып қашқан деген айып тағылған. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Itar-tass.com. Фото: Itar-tass.com.