Балқаш гарнизонында офицер жараланды, жағдайы ауыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«30 мамырда Балқаш гарнизонында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер жараланды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер әскеридің жағдайын ауыр деп бағалап отыр», делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды. Оқиға себептері мен мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің нұсқауымен гарнизонға арнайы комиссия жіберілді.
«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды», деп толықтырды ведомстводан.