• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2022

Әлихан Смайылов «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды

952 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қабырғасына гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мұражай кешенін аралау кезінде Әлихан Смайылов экспозициялар мен басты залдарды көріп, танысты.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені Ақмол кентінде бұрынғы «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагерінің» орнында орналасқан.