Шымкентте X Factor теледуманына қатысуға тілек білдіргендерді іріктейтін шарада бағын сынауға Николай есімді жергілікті қаңғыбас-маскүнем де талаптаныпты. Бұл туралы Total.kz cайты хабарлады.
Николай итальянның белгілі әншісі Тото Кутуньоның орындауындағы L'Italiano әнін нәшіне келтіре шырқап, қазылар алқасын таң қалдырмақ болған. Бірақ қаңғыбас іріктеу кезеңіне жіберілмепті. Өзінің кастингке қатыстырылмауының себебін іштей сезетін ол: «Менің сыртқы көрінісім лайықты емес», – депті.
Николай кезінде теңіз жаяу әскері қатарында қызмет етіпті, Африкада соғыс қимылдарына қатысыпты. Содан оралғаннан кейін тағдыр тәлкегіне тап келіп, 9 жыл түрмеде отырған. Абақтыдан оралуға екі ай қалғанда анасы өледі де, екі әпкесі үйлерін сатып, Омбыға көшіп кетіпті. Бұл содан бастап далада қалған.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: Total.kz.
Фото: Total.kz.