• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2014

Еуразиялық одақ аясында көліктік тариф бұрынғы қалпында қалады

314 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақ аясында темір жол тарифтері бұрынғы қалпында сақталып қалады. Бұл туралы бүгін, 18 сәуір күні Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ –ның корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры Еркін Жусанбаев жеткізген мәлімдемеге сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Басқарушы директордың айтуына қарағанда, Еуразиялық экономикалық одақ аясында темір жол транзиттік қызметінің әлеуеті артады. Ал темір жол тарифі, соның ішінде билет құны қымбаттамайды. «Еуразиялық экономикалық одақты құру кезінде көлік қатынастарына қатысты келісім-шартта одақ ішінде теміржолдың тарифін теңестіру мәселесі қарастырылып, бірдей болсын делінген еді. Ресей теміржолының қызметі бізден 2-2,5 есе қымбат екені мәлім. Осыны ескеріп, біз бұл шешімге келіспедік. Сөйтіп, әр ел өзінің көлік қызметінің ақысын өзі шешетін болды», - деді Е.Жусанбаев. Ол сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ көліктік транзиттің әлеуеті мен бәсекелестікті арттыратындығын да тоқталды. Қазақстан, Ресей және Беларусь инфрақұрылымдарының шекаралас учаскелерінде тәуелсіз тасымалдаушыларға теңдей мүмкіндік ашу мәселесі қарастырылып отыр. Аталған телімдер Қазақстан мен Ресей аумақтарында локомотивтерге қызмет көрсетілетін орындардың шекарасы ретінде анықталатын көрінеді. Сөйтіп, тасымалдаушылар теңдей жағдайда жұмыс істеу мүмкіндіктеріне ие болады. Нұрбай Елмұратов. Дереккөз: egemen.kz. Фото: www.newskaz.ru.