Дания Украинаға 2 миллиард даниялық крон (шамамен 290 миллион доллар) көлемінде әскери көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дания Қорғаныс министрі Мортен Бодсковтың айтуынша, әскери көмек қару-жарақ пен басқа да әскери техниканы қамтиды.
Швеция үкіметі де Украинаға тағы да әскери көмек жіберетінін мәлімдеді. Бірақ ол бұл жолы егжей-тегжейлі ақпарат жария етуді жоспарлап отырған жоқ.