Ертең, 19 сәуір күні Астанада Жамбыл облыстық драма театрының гастролі басталады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жамбылдық өнер майталмандарының бұл сапары 22 сәуірде аяқталады. Ол Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында ашылады. Осында 21 сәуір күні белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның «Домалақ ана» спектаклі қойылады.
Адамға дүниеде не қымбат? Отан қымбат. Ел қымбат. Қойылымның алға тартып отырған идеясы осыған саяды. Елдікті, бірлікті, тәуелсіздікті, жалпы Отанның от басынан басталатынын өзекті әңгіменің арқауына айналдыруымен озық спектакль бүгінгі ұрпақтың санасына алтын дәндей аса қажет құндылық.
Ал 22 сәуірде Бейбітшілік және келісім сарайында «Музей түні» атты қойылымдық көріністер елорда түніндегі жарық шырақтай жанға жылу сыйламақ.
Қарашаш Тоқсанбай.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: ww.inform.kz.