Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге ДДСҰ маймылшешегінің таралуы толықтай ауыздықталатынына сенімді емес екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Клюгеның айтуынша, маймылшешегінің таралуын тоқтату үшін COVID-19 кезінде қажет болған шараларды қолданудың қажеті жоқ, өйткені вирус басқаша таралады.
Сондай-ақ ол инфекция жазда Еуропада және саяхатшылар көп баратын басқа елдерде көп таралуы мүмкін екенін айтты.
«Алдағы айларда жоспарланған ондаған фестиваль мен ірі кештердің көпшілігінде вирустың таралу ықтималдығы жоғары», деді Клюге.