• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Маусым, 2022

Жаңа бағытқа бет алатын сәт

215 рет
көрсетілді

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «Жастар және референдум» оқыту семинары өтті. Жиын барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі талқыланды.

Семинардың мақсаты – бүкіл­ха­лықтық референдумды дайындау туралы жас азаматтар ара­сын­­да түсіндіру жұмыстарын жүр­гізу. Іс-шарада Орталық ре­­фе­рен­дум комиссиясының тө­рағасы Нұр­лан Әбдіров рес­пуб­­­ликалық ре­­фе­­рендумды ұйымдастыру мәсе­ле­­лері­не тоқ­та­лды. Оның айтуынша, елі­­міз­дің әр түкпірінде түрлі оқы­ту се­ми­нарлары өткізіліп жатыр.

«Мемлекетіміздің жаңа бағыт­қа бет алуы – өмірде ізде­ністе жүрген жастар үшін аса қажет. Сондықтан осындай семинардың  өтуіне шын көңілден қуанып отырмын», деді Н.Әбдіров.

Сондай-ақ спикер Орталық референдум комиссиясының ай­мақтарға сапары жұмысына тоқ­талды. Оның айтуынша, Пре­зи­денттің бастамасымен қолға алынған жоба – ауыл әкім­дерін сайлау жұртшылық арасында қызу қолдауға ие болып отыр.

«Аймақтарға сапар барысында 443 нақты ұсыныс жиналды. Кездесулер бейресми форматта өтті. Бүкіл Қазақстанды аралап шық­тық, он мыңға жуық адаммен кез­дестік. Онда айтылған ұсы­ныс­тарды ескереміз, қазір ола­рды сараптап жатырмыз», деді Н.Әбдіров.

Әділет министрінің оры­н­басары Алма Мұқанова Кон­с­­­титуцияға енгізілетін негізгі өзге­рістер жайлы түсіндірді. Вице-министр референдумда бір ғана мәселе – Ата Заңға енгізі­ле­­тін өзгерістерді қабылдау жө­нінде сауал қойылатынын жет­кіз­ді.

«Егер 11 облыстағы халық­тың көпшілігі жақтап дауыс берсе, онда түзетулер қабылданды деп есептелінеді. Егер бұл көрсет­кіш­ке қол жеткізілмесе, онда түзе­­тулер қабылданбаған болып сана­лады», деді А.Мұқанова.

Жастар өкілдері өздерін тол­ған­дырған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауап берілді. Іс-шараға республикалық және өңірлік жас­тар ұйым­да­рының басшылары мен бел­сен­ділері, өңірлік жастар ре­сурс­­тық орталықтарының, оқу орындарының жастар ісі жө­нін­дегі комитеттерінің қыз­мет­керлері, Нұр-Сұлтан қала­сы­ның жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Семинарды Орталық референдум комиссиясы және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығы ұйымдастырды. Іс-шараға әр аймақтағы жастар мен жастар ұйымдарының өкіл­де­рі бейне байланыс режі­мін­де қатысты.