Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлнар Сейітмағанбетова Анкара қаласында Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының шараларына қатысып қайтты.
Түрік Республикасының Анкара қаласында Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясына қатысушы елдер парламенттері денсаулық сақтау, отбасы ісі, еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша комиссиясы жетекшілерінің 1- басқосуы өтті.
Басқосудың басты мақсаты – қатысушы елдер парламенттері салалық комитеттерінің тығыз байланысын орнату, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.