• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Бокс 02 Маусым, 2022

Головкин-«Канело»: Әлем күткен үшінші кездесу жақындап келеді

434 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

WBC сайтында жарияланған мәлімдеге сәйкес, айқас алдында боксшылардан кез келген уақытта допинг-тест алынатыны жазылған.

«WBC бекіткен барлық хаттамаларды орындай отырып, екі спортшы да VADA-ның барлық талабы бойынша ықпалдастыққа толық дайындығын атап өтті. Себебі Сауль Альварес пен Геннадий Головкин Таза бокс бағдарламасына (CBP) қосылған. Ол бойынша 17 қыркүйектегі жекпе-жекке дейін екеуінен кездейсоқ допинг-тестілер алынып отырады», делінген хабарламада.