• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Білім 02 Маусым, 2022

Алматылық жастар «BILIM ALL LIKE» зияткерлік сайысына қатысты

663 рет
көрсетілді

Жуырда «Bugin Association» ҚБ ұйымдастыруымен Тұран университетінде «BILIM ALL LIKE» интелектуалды-зияткерлік сайысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жобаға Алматы қаласының Тұран университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Сүлейман Демирель университеті,  Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті және басқа да университет студенттері қатысты.

Сайысқа қатысқан барлық командаға сертификаттар мен «Daryn books» жобасының «Daryn» кітаптары табысталды. Сонымен қатар жүлделі орын алған қатысушылар ақшалай сыйлықтарға ие болды. 

Осылайша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Алаш» тобы бас жүлдені жеңіп, 50 000 теңгеге ие болды. Ал екінші орынға тұрақтаған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ғылым stars» тобы 30 000 теңге ұтып алса, үшінші орынды иеленген Алматы технологиялық университетінің «Ғибрат» тобы 15 000 алды.

Сондай-ақ Финалдық кезеңге дейін өткен Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Тұмар» тобына және Қазақстан-Британ техникалық университетінің «BasTimes» тобына арнайы Байжан Әділет мырзаның қолдауымен «Eleven» караокесіне 10 000 теңге ақшалай сыйлықтар берілді.