• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Маусым, 2022

Қазақстандық теңіз порттары арқылы жүк тасымалдау көлемі артты

476 рет
көрсетілді

Қазақстандық теңіз порттары арқылы жүк тасымалдау көлемі екі есеге артты. Өткен жылдың бірінші тоқсанында Ақтау айлағымен бір миллион 200 мың тоннадан астам жүк тасымалданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республика шет мемлекеттерге астық, көмір, мұнай өнімдерін, тыңайтқыштар, химиялық және басқа да заттарды экспорттайды. Порт жыл бойы барлық түрдегі кемелерді қабылдайды. Мұндағы ашық қоймаларда 2 жарым мың контейнер сақтауға болады.

«Біз Транскаспий халықаралық көлік бағыты қауымдастығын құрдық. Оған осы процеске қатысушылардың барлығы кіреді. Әрине, бұл бағыттың тар тұстарын кеңейтеміз. Біз цифрландыру, кедендік рәсімдерді жеңілдету, жеделдетілген процестер арқылы өткізу қабілетін 20 пайызға дейін арттыра аламыз», деді Ақтау Халықаралық теңіз сауда портының президенті Абай Түрікпенбаев.

Ал Құрық портымен елімізге көлік, азық-түлік, өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары импортталады. Транзитпен электроника, тоқыма, металл бұйымдары әкелінеді. Мұндағы инфрақұрылым автомобиль және теміржол айлақтарынан тұрады. Соңғысының қуаттылығы жылына 4 миллион тоннаға жетеді. Екі айлақ бір мезетте төрт паромға қызмет көрсете алады.

«Өткен айда тасымал көлемін үш есеге арттырдық. Бұл автокөлік пен вагон саны үш есе көп деген сөз, нәтижесінде үш есе көп жүк өңделді. Түркияның бүкіл логистикасы автокөліктерге негізделген. Сондықтан біз де еурофураларға арнап дәліз құруға назар аудардық», деді Құрық портының бас директоры Серік Ахметов

Көптеген халықаралық дәліздердің тағы бір құрамдас бөлігі Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау солтүстік терминалынан жүктер негізінен Иран, Ресей және Әзербайжан бағыттарына жөнелтіледі.