Бүгін, 19 сәуір күні түнде Вашингтонда жартылай ауыр салмақтағы (79,38 кг) қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шөменов пен америкалық Бернард Хопкинстің арасында жекпе-жек болады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жекпе-жек Құрама Штаттар астанасындағы DC Armory спорт кешенінде өтеді. Ол 20 сәуір күні 03:00 сағатта KazSport телеарнасынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Бұл ұрыс тарихта ең жасы үлкен боксшының рингке шығатындығымен ерекшеленеді. Америкалық Бернард Хопкинстің жасы қазір 49-да. Ол IBF версиясы бойынша әлем чемпионы болса, 30 жасар Бейбіт Шөменов WBA нұсқасының суперчемпионы деген атаққа ие. Осы кезге дейін бұлардың алғашқысы рингте 64 ұрыс өткізіп, оның 32-ін нокаутпен аяқтаса, екіншісі 15 жекпе-жекке шығып, оның 9-ын мерзімінен бұрын бітірген.
Бүгін боксшылар таразыға тартылды. Ол Бейбіттің салмағы 174.4 фунт (79.11 кило), ал Бернардтың 172.4 (78.2) фунт тартатынын көрсетті.
Екі боксшы бірден жоғарыдағы екі версия – Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мен Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) бойынша чемпиондықты сарапқа салады.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: © AP Photo/Luis M. Alvarez.