Бүгін, 19 сәуір күні кешке Алматы-Атырау бағытындағы №41 жүрдек пойыз Мақат стансасы маңында апатқа ұшырап, оннан астам вагон аударылып кеткен. Бұл туралы 24KZ телеарнасы хабарлады.
«Жолаушылардың жай-күйі жөнінде әзірге нақты ақпарат жоқ. Тек жарақат алған ауыр халдегі 1 адам жедел жәрдем көлігімен таяу елді мекендегі емханаға жеткізілгені анық болды. Қазір жолда қалған жолаушылар тысқа шығып, құзырлы қызмет өкілдерінен көмек күтуде», - делінген хабарламада.
Куә болған жолаушылардың айтуларынша, сағат 20:00-ге таман пойыздың составы кенет жан-жаққа шайқалақтай бастаған. Сәлден кейін олар шашылып құлайды. Әзірге мұның неден болғаны белгісіз.
Құрыш Нұрымбет.
Дереккөз: 24KZ.
Фото: vseverske.info.