• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Референдум 03 Маусым, 2022

Металлургтер реформаның өзектілігін талқылады

186 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары, Amanat партиясының мүшелері Берік Әбдіғалиұлы мен Юрий Жулин Қарағанды облысына сапарын шалғай ауылдарды аралаудан бастап, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатының ұжымымен кездесті.

Депутаттар металлургтермен Конституцияның ел дамуындағы рөлін және Жаңа Қазақстанды құ­ру­­дағы конституциялық ре­фор­­маның маңыздылығын тал­қы­лады.

Юрий Жулин конституциялық реформа ауқымды және түбегейлі өзгерістерге жол ашатынын атап өтті.

– Конституциялық Соттың құрылуы азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Конституцияға енгізілетін өзге­ріс­тер Конституциялық Кеңес­тің өкілеттігін кеңейтпейді, ке­рі­­сінше, құқықтары мен мүд­де­­леріне нұқсан келтірілген деп са­найтын азаматтарға мә­­се­­ле­ні қарау үшін тікелей Кон­с­титуциялық сотқа жүгінуге құ­қық береді. Бұған дейін Конс­ти­туциялық Кеңес Прези­денттің және Мәжіліс депутат­та­рының 2/3-інің сауалы бойынша осы немесе өзге заңның Конституцияға қаншалықты сәйкес келетіні жө­нін­де түсініктеме берген болатын. Енді Конституциялық сот әрбір қазақс­тандыққа қабылданған ше­­шім­нің айқындығы тұрғы­сы­нан қо­рытынды алу үшін жо­ға­ры қада­ғалау органына жүгіну құ­қығын беретін болады, – деді.

Өз кезегінде Берік Әбдіға­ли­ұлы референдумды маңызды сая­си оқиға екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысының мәлі­мдеуінше, Қазақстан та­ри­хы­н­дағы жаңа тарауды Конс­ти­ту­цияға түзетулер ашады. Қо­­ғамның және елдің өміріне жан-жақты әсер ететін елдің сая­си жү­йесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қойылған, – деді депутат.

Ал «АрселорМиттал Темір­тау» АҚ үшінші домна пеші учас­кесінің жетекшісі Марлен Байбусинов заңға енгізілген то­лық­тырулар мен түзетулер туралы айтып, референдумға өз қол­да­уын білдірді.

– Біз көптеген жыл бойы ел­де­гі халық пен демократия са­на­­сының өзгеруі туралы айтып ке­леміз. Сондықтан референдум бұған ықпал етеді деп санаймын. Мен референдумды қолдау үшін мін­детті түрде 5 маусымда өзім­нің сайлау учаскеме барамын, – деді металлург.

Кездесуге қатысушылар ұсы­ны­­лып отырған жаңа өзге­­ріс­терге талдау жасап, консти­ту­циялық реформаның маңыздылығын, оның ішінде азаматтардың мем­лекетті басқаруға қатысуын ке­ңейту, құқық қорғау саласын ны­ғайту мәселелерін талқылады. Метал­лургтер де зейнет жасын тө­мен­дету мүмкіндігі туралы өз ұсы­ныстарын айтты.

 

Қарағанды облысы