Қазір ғана АҚШ астанасы – Вашингтон қаласындағы DC Armory спорт кешенінде жартылай ауыр салмақтағы (79,38 кг) IBF версиясы бойынша әлем чемпионы, америкалық Бернард Хопкинс пен WBA нұсқасының суперчемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов арасындағы ұрыс аяқталды. Онда жоғарыдағы екі атақ бірдей сарапқа салынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Рингтегі лақап апаты «Жендет» («Палач») болып табылаnын 49 жастағы Бернард Хопкинс шайқас алдында өзінің жеңіске жететінін әлденеше мәрте мәлім еткен. Одан біздің Бейбіт те қалысқан жоқ. Сонымен, бір-бірлерін сөзбен қағыстырған екі тарлан ақыры шаршы алаңның үстінде кездесті.
Шайқастың алғашқы үш раунды Бейбіттің аздаған басымдығымен өтті. Бірақ содан бастап өзінің сүйікті тактикасын сүйенген Бернард артықшылық ала бастады. Ол қалған арундтың бәрінде де ұпай санымен алда жүрді. Ал 11-раундта Бейбіт оның қатты соққысына түсіп қалып, нокдаунға ұрынды. Соңғы раундта Хопкинстің басым екеніне ешбір күмән қалған жоқ.
Нәтижесінде төрешілер 2:1 есебімен жеңісn3 Бернард Хопкинске берілді. Осылайша америкалық боксшы -p3yt тура 49 жас, 3 ай және 4 күнге толған шақта ең жасы үлкен чемпион ретіндегі өзінің рекордына тағы өзгеріс енгізді.
Еске сала кетейік, америкалық атлет өзінің әлемдік рекордына 2011 жылы 46 жас 126 күндік көрсеткішімен жеткен еді. Сонда ол француз Жан Паскальды ұтып, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WBC) үздігі атанып, 45 жасында чемпион болған Джордж Форменнің рекордын жаңартқан еді. Ал 2012 жылғы сәуірде Хопкинс отандасы Чэд Доусоннан ұпай санымен ұтылып, жоғарыдағы атағынан айрылып қалған. Бірақ арада 9 ай өткенде Бернард америкалық Тэйворис Клаудты тізе бүктіріп, 48 жастан 1 ай 22 күн асқанында IBF версиясының чемпионы болған. Ал өткен жылғы 26 қазанда тегі жапон германиялық боксшы Каро Муратаны жеңіп, өзінің әлемдік рекордын 48 жас, 9 ай және 12 күнге ұлғайтты.
Осы кезге дейін ол рингке 64 рет шықса, соның 54-інде жеңіпті, бұлардың 32-сін нокаутпен аяқтапты. Бұдан басқа, 6 жеңілісі және 2 тең ұрысы бар.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: ИТАР-ТАСС.