• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2022

Павлодар облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ауысты

148 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке Ержан Калимбекович Тоқтарханов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ержан Тоқтарханов 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Экономист, заңгер.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 24 жыл. 1997 жылдан бастап Өскемен қаласы бойынша салық инспекторынан Салық комитетінің төрағасына дейінгі лауазымды қызметтерді атқарды.

Әр жылдары Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басқарма басшысы, елорданың Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болған.

2019 жылдан бастап қазірге дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаментінің және Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қызметін атқарды.