• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2014

Қытайдағы көмір шахтасында жарылыс болды

313 рет
көрсетілді

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань повинциясында орналасқан көмір шахтасында газ жарылып, 13 адам қаза болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. «Синьхуа» агенттігінің ақпары бойынша, 56 адам жұмыс істейтін «Хунтутянь» шахтасында жексенбіден дүйсенбіге қараған түні жарылыс болған. Құтқарушылар қираған шахтаның ішінен 42 кеншіні аман алып шықты. Тағы 14 жұмысшы қирандылар астында қалып қойған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда, себебі, бір кеншінің денесі әзірге табылмай отыр. Қытайдағы тау-кен өндірісі әлем бойынша ең қауіпті саналады. Жыл сайын мұндағы кен орындарында мыңдаған адам қаза болуда. Көбінесе, апаттардың орын алуына қауіпсіздік техникасының сақталмауы себеп туғызады екен. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Itar-tass.com. Фото: Gazeta.ru.