• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Маусым, 2022

Каспийге батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

377 рет
көрсетілді

Серфингтен құлап, суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

«2005 жылы туған бала «Солдатский» жағажайы тұсында серфинг кезінде суға батып кеткен. ТЖД-нен 5 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 1 техника, «Апаттар медицина орталығы» ММ-нен 3 қызметкер, 1 техника іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Баланың денесі бүгін сағат 08:35 шамасында табылды», деді Ақтау қалалық ТЖБ аға инженері Есен Борашев.