• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Маусым, 2022

«1,1 млрд теңгені жымқырды»: Мемлекетаралық іздеудегі күдікті ұсталды

171 рет
көрсетілді

Мемлекетаралық іздеу жарияланған Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әнуарбек Болатұлы Жексенғалиевті Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстаған.

Еске салсақ, Ә. Жексенғалиевке 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.

Осыдан бір ай бұрын оған мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын.

«Қаржылық мониторинг агенттігі кәсіпкер Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлы және Медетбеков Еркін Қалқабайұлына іздеу жариялады. Олар 1,1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдіктілер бюджет қаражатын жымқыруды алдын ала сөз байласу арқылы топ болып ұйымдастырған», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, агенттік іздеу салынған азаматтарға қатысты ақпарат үшін ақшалай сыйақы қарастырылғанын жеткізді.