• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2014

Шырайлы Шымкент шаһары (фото, видео)

998 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық жастар саясаты басқармасы мен "Оңтүстіктің креатив жастары" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен блогтур облыс әкімінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің қабылдауымен басталды. Бағдарлама таратылып, жоспар таныстырылған соң жолға шықтық. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына келдік. Тәртіп қатал, тек рұқсат қағазбен кіргізеді екен. Экономикалық аймақта жалпы саны 6 мекеме "Бал текстиль", "Oxy textile", "Хлопкром-целлюза", "Ютекс KZ", "АГФ групп" ОК", "Шымкент кашемир" кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр. Алғашқы ат басын тіреген жеріміз "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы "Бал-текстиль" ЖШС-ның кілем фабрикасы болды. Бізді мекеменің комерциялық директоры Қуан Ысқақов алып жүріп, кәсіпорынмен таныстырды. Қазақстанның түкпір-түкпіріне таралады мына кілемшелер.   Онан кейінгі бағыт -  "Oxy textille" ЖШС.     Жіп иіретін бұл өндіріс орнында 6 000 тонна жіп иіруге мүмкіндік бар екен. Ел ішінде ғана емес, шет елдерге де тасымалданатын бұл тауардың негізгі тұтынушысы - Қытай елі. "Отырар" кітапханасы. Кітапхана қоры әзірге жарты миллион кітапты құрап отыр. Олардың қатарында Созақ ауданынан табылған 15 ғасырдағы кітап та бар. "Нұрсат"  шағын ауданында жаңадан бой көтерген "Көрме орталығы" қазіргі заман талаптарына сай салынған. "Нұрсат" шағын ауданының кіреберіс тұсына халқымыздың біртуар ұлы, композитор Сейдолла Бәйтерековтің ескерткіші орнатылыпты. Алматы тас жолы бойындағы Бәйдібек бидің ескерткіші. Тәуелсіздік саябағы. Ескі шаһардың үстінде орналасқан бұл саябақта тәуелсіздік алғалы бері еліміздің тарихы жазылған ескерткіштер орналасқан. "Тәуелсіздік монументі"  Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би көшелерінің тоғысқан жері  - "Ордабасы" алаңында орналасқан.  Данияр Алан.