Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы шекара бекеттеріндегі əскери мамандар түгелдей дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскери мамандар Жанқожа батыр жəне Кəрібай бұлақ шекара бекеттерінде қызмет атқарады. Олар №79 дауыс беру учаскесіне қарайды. Екі заставада 44 адам дауыс беру құқығына ие.
«Біз шекара бекеттерінде қызмет атқарамыз. Бүгінгі Конституцияға түзетулер мен өзгерістер енгізуге арналған референдум шарасына толықтай қатыстық», дейді әскери мамандар.
Аяна Тоғанбек