ПЕТРОПАВЛ. 21 сәуір. Қалалық соттың судьясы Михаил Гусев адам өлтіргені үшін 11 жыл арқалаған А.Абдуллаевтың заңгер В. Сухоруков пен журналист В. Мирошниченкоға қатысты шағымын қанағаттандырмай тастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сот арызданушының «маған еш негізсіз жала жапты» деген дәйектерінен дәлел таппады. Өйткені, сот барысында оның қылмыстық әрекеттері баспасөз беттерінде бұған дейін бірнеше рет жазылғаны анықталды. Сондай-ақ талап етілген 2 млн. теңге моральдық шығын да өндірілмейтін болды.
Өмір Есқали.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: www.inform.kz.