• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2014

Қайта ұйымдастырылды

372 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №807 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы қосу жолымен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі болып қайта ұйымдастырылды. Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері қайта құру жолымен ішкі істер органдарының бірегей жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта ұйымдастырылды.   Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ә.Т. Садықұловты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындау туралы Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 21 сәуір.  № 810   Хроника Мемлекет басшысының Жар­лығымен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев басқа жұмысқа ауысуына байланыс­ты Қазақстан Республикасы Рес­публикалық ұланының қолбасшысы қыз­метінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкім­дерімен: Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Рес­публикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды, ол бұ­рын­ғы атқарған қызметінен босатылды; Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақ­стан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды; Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Мем­ле­кеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайын­далды, ол бұрынғы атқарған қызме­тінен босатылды; Ермек Елеуханұлы Үкібаев Қазақ­стан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды; Айдарбек Мұстажапұлы Абду­лов Қазақстан Республикасы Рес­публикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметінен босатылды.