Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Алматыдағы №557 референдум учаскесінде дауысын берді. Учаскеге ол әкесімен бірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жеке есебім бойынша, бұл - мен қатысып жатқан екінші саяси науқан. Алғашқы рет 2019 жылы Президент сайлауында дауыс бергенмін. Референдум – біздің еліміз үшін ауқымды тарихи оқиға. Мен үшін бұл алдымен өзімнің азаматтық позициямды білдіруге болатын мүмкіндік деп санаймын», деді Жансая Әбдімәлік.
№557 учаскесі сайлау комиссиясының төрайымы Ақмарал Бахинаның айтуынша, бұл учаскеде 2 264 адам тіркелген.
Таңертеңнен бері 250-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді.
Аяна Тоғанбек