• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Маусым, 2022

6 маусымға арналған ауа райы болжамы

125 рет
көрсетілді

Синоптиктер 6 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, тұман және шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: найзағай, бұршақ, дауыл, батыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста – тұман, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай, тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының шығысында-жел 15-20, екпіні 25 м / с, күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды.

Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай, күндіз шығыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында - найзағай, түнде және таңертең солтүстікте – тұман, күндіз батыста – 15-20 м/с жел күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстік - шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Күндіз солтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында - найзағай, шаңды дауыл, солтүстікте, оңтүстікте, орталықта күндіз жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, жел 15 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз оңтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз оңтүстікте, Атырау облысының орталығында найзағай, дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Сондай-ақ синоптиктер күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.