Алматыда ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдумда 100 жастағы соғыс ардагері Филипп Губанов дауыс берді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлы Отан соғысының ардагері Филипп Губанов Құлагер шағын ауданында тұрады. Ол референдумға өз үйінен шықпай-ақ қатысып, дауыс берді.
Ардагер Қазақстанның болашағы үшін дауыс бергенін атап өтті.
Филипп Петрович өткен жылдың қараша айында 100 жасқа толды. Ардагер Еуропа елдерін азат етуге қатысып, көптеген ордендермен марапатталған.