• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2014

Барша отандастарымыз үшін ортақ мереке

233 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Киелі Вознесение кафедралы соборына барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Шіркеуді аралау барысында Мемлекет басшысы діндарлар қауымы алдында сөз сөйлеп, оларды Пасха мерекесімен құт­тықтады. – Биылғы мереке православиеліктер мен католиктердің оны бір күнде атап өтуімен ерекше. Бұл – барша қазақ­стан­дықтар үшін ортақ мереке, өйткені, елімізде барлық діннің теңдігі қамтамасыз етілген. Біздің халқымыз Пасха мен Рож­дествоны, Наурыз бен Құрбан айтты бірге атап өтеді, бұл бүгінде дәстүрге ай­нал­ды. Діндердің өзгешелігі барша Қа­зақ­стан халқын біріктіруші фактор бо­лып саналады, көптің көңіліне сенім­ділік, тыныштық, татулық пен келісім ұя­латады. Дәл осы арқылы біз елді дамы­тып, азаматтарымыздың әл-ауқатын жақ­сар­тып, балаларымызды өсіреміз және болашағымызға сеніммен қарай аламыз, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар толеранттылық пен бір-біріне деген өзара сый­ластықты қылаусыз сақтауы тиіс екенін атап өтті. – Пасханы мерекелеу үлкен үмітпен ұштас. Мен біздің ортақ үмітіміз бар­ша­мыздың алаңсыз еңбек етіп, балаларды тәрбиелей алуымыз үшін елімізде бәрінің тұрақты болуына саяды деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті. Сөзінің соңында Мемлекет басшысы христиандарға және барша Қазақстан халқына мол игілік, зор денсаулық, әр шаңыраққа бақ-береке тіледі. Өз кезегінде Астана және Қазақстан Митрополиті Александр соборға келіп, православие христиандарын Пас­ха­мен құттықтағаны үшін Нұрсұлтан На­зарбаевқа алғыс айтты. – Сіз даналықпен айтқандай, бұл – барша қазақстандықтардың мерекесі, өйткені, Сіз бірлік, татулық және келісім саясатын жүргізіп келесіз. Қазақстан тұрғындары Сіздің бүкіл халықтың игілігі үшін еткен еңбегіңізді өте жоғары бағалайды, – деді Митрополит. Дәстүр бойынша Митрополит Мем­лекет басшысына Пасха мерекесіне арнайы әзірленген жұмыртқаны ұсынды. ----------------------------------------- Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.