• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

8 миллионға жуық қазақстандық референдумда дауыс берді

283 рет
көрсетілді

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 7 936 655 адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Орталық референдум комисссиясы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша еліміздің 12 өңірінде және 12 шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған шұғыл деректері бойынша азаматтардың референдумға қатысуы туралы мынадай статистика бар: Ақмола облысы – 73,81, Ақтөбе облысы – 55,90, Алматы облысы – 72,83, Атырау облысы – 62,45, Батыс Қазақстан облысы – 65,49, Жамбыл облысы – 69,59, Қарағанды облысы – 77,39, Қостанай облысы – 72,28, Қызылорда облысы – 75,02, Маңғыстау облысы - 59,14, Павлодар облысы – 75,53, Солтүстік Қазақстан облысы – 75,49, Түркістан облысы – 80,66, Шығыс Қазақстан облысы – 77,49, Нұр-Сұлтан қаласы – 57,06, Алматы қаласы – 32,25, Шымкент қаласы – 72,53 пайыз. Жалпы, еліміз бойынша референдумға қатысу мүмкіндігі және құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 732 699 адам енгізілген болатын. 7 936 655 азамат бюллетень алды. Бұл - дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 67,65 пайызы», деді Мұхтар Ерман.

Оның атап өтуінше, азаматтардың дауыс беруге келуіне қатысты алдын ала қорытынды ақпарат Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарымен бірге сағат 22.00-де беріледі.