• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Маусым, 2022

Жалғас жеңіліп қалды

266 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен өткен UFC Fight Night 207 турнирінде Жалғас Жұма­ғұ­лов Джефф Молинамен күш сынасты.

24 жастағы америкалық спортшы өзінің соңғы жеті кездесуінің барлығын өз пайдасына шешкен еді. Барлығы 12 кездесу өткізіп, 10 рет басымдық танытты. 33 жастағы Жалғас Жұмағұловтың жүріп өткен жолы қазақ жанкүйерлерінің көз алдында. Кезінде түрлі промоушендердің чемпиондық белбеуін иеленген Ақтөбенің өрені UFC-де табысты өнер көрсете алмай жүр. Олай деуге негіз, бұған дейінгі төрт бәсекенің үшеуінде ол жеңіліс тапты. Бұл жолы жеңіс оған ауадай қажет еді. Сол себепті де Жұмағұлов Джефф Молинамен үш раунд бойы аянбай айқасты. Тіптен кейбір тұстарда басымдық көрсетті. Бірақ айқас аяқталған бетте төрешілер АҚШ спортшысының жеңіске жеткенін жария етті.

Кеше қазақстандық Arlan MMA Pro Team клубы сапында өнер көрсететін ингуше­тиялық Мұса Евлоев та UFC-тегі өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, төрешілердің шешімімен америкалық Дэн Игені ұтты.