Испаниялық 36 жастағы Рафаэль Надаль Парижде Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Р.Надаль финалда норвегиялық Каспер Руудты 6:3, 6:3, 6:0 есебімен ұтты. Осылайша, испаниялық спортшы Франция ашық чемпионатын он төртінші рет ұтып, топырақ төсенішіндегі өзінің теңдесі жоқ теннисші екендігін дәлелдеді. Ол ерлер арасында Ролан Гаррос турнирінің ең жасы үлкен жеңімпазы болды.
Жарыс барысында Надаль үздік ондыққа кіретін төрт ойыншыны, соның ішінде әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичті жолдан тайдырды. Осымен, «Үлкен дулыға» турнирлерін 22 рет ұтқан Р.Надаль спорттық жолын жалғастыратынын мәлімдеді.
Бір жылда ол Аустралия және Франция ашық чемпионатында үздік шықты. Әйелдер арасында әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентек Ролан Гаррос додасының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 35 матч бойы жеңілмей келеді. Бұл жөнінен америкалық Винус Уильямсті қуып жетті.
Ролан Гаррос жарысында Қазақстаннан Елена Рыбакина үшінші айналымға дейін жетіп, былтырғы көрсеткішін (ширек финал) қайталай алмады.