• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2022

Алматыда ірі сауда орталығы өртенді

353 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Самал» шағынауданында орналасқан ірі сауда орталығы отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желіде «Life town» сауда орталығына жапсарлас орналасқан бургер және дөнер дайындайтын дүңгіршектен өрт шыққаны туралы хабар тарады. Жалын сауда орталығын да шарпыған.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 6 мамыр күні таңғы 5:45 шамасында шыққан.

«Дөнер сататын дүңгіршектен шыққан өрт сауда орталығының екінші қабатына ұласқан. Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыды. Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына сағат 05:50-де (5 минутта) келді. Өрт 06:16-да ауыздықталып, 06:30-да толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деп хабарлады департаментен.

Оқиға орнына 13 бірлік техника мен жеке құрамнан 50 адам жұмылдырылды.