• RUB:
    4.93
  • USD:
    523.17
  • EUR:
    550.06
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2022

Синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертханалардың жұмысы тоқтатылды

267 рет
көрсетілді

ҚР ҰҚК Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылған. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылған.

«Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 кг есірткі, оның ішінде: 90 кг синтетикалық есірткі (270 мың «бір реттік мөлшерге» тең), 85.2 кг марихуана, 14 кг апиын, 4 кг гашиш алынды. Бұдан басқа 800 экстази  таблеткасы, 500 түп «голланд» марихуанасы және психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды», делінген хабарламада.

Екі ай ішінде алынған есірткінің «қара нарықтағы» жалпы сомасы 2.3 млрд теңгеден астамға бағаланып отыр. Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жалғасып жатыр.