• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 06 Маусым, 2022

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде сақтап қалды

191 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п. п. пайыздық дәлізімен жылдық 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық банкте атап өткендей, өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлеме 15%-ды, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша - 13%-ды құрайды.

«Шешім қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция тәуекелдерінің ағымдағы балансын, сондай-ақ Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдарын ескере отырып қабылданды. Жаңа өзгерістер болмаған жағдайда базалық мөлшерлеменің осы деңгейі 2024 жылға қарай инфляцияның бірқалыпты төмендеуін қамтамасыз етеді. Ақша-кредит жағдайларын қалыпқа келтіру 2023 жылы инфляциялық процестердің баяулауына қарай жүргізіледі», делінген Ұлттық Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Орталық банк сондай-ақ базалық мөлшерлеме бойынша одан әрі шешімдер инфляцияның нақты динамикасының болжамдық траекториясына және сыртқы орта мен ішкі экономикадағы тәуекелдердің қалыптасқан теңгеріміне сәйкес келуіне байланысты қабылданатынын хабарлады.

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 25 шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады.