• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Маусым, 2022

Калифорниялық заңгерлер суды үнемдеу жолын қарастырып жатыр

253 рет
көрсетілді

Калифорниялық заңгерлер мен фермерлер арасындағы ондаған жылға созылған сот әлі де шешімін таппады. Мәселе жергілікті фермерлердің өзен, көл суларын қалағанша пайдалануына заң шығарушы органдардың қарсылығында болып тұр. Өйткені, жағдай осылай жалғаса берсе болашақта құрғақшылық орнауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы abcnews.go.com шетелдік басылымы жазды. 

Енді штат билігі салық төлеушілердің ақшасына фермерлердің «су құқықтарын» сатып алуға бел буып отыр. Бұған олар 1,5 миллиард АҚШ долларын жұмсамақ. Егер шенеуніктер бұл құқыққа ие болса, ағын суды үнемдеп қана қоймай, сол өзен мен ағыстардағы өсімдік пен балық түрлерін де жойылып кету қаупінен сақтайды. 

Айта кетейік, Калифорния соңғы жиырма жылда құрғақшылыққа ұшырады. Сондықтан бұл жоба штаттың күрделі су жүйесін және оны ерекше құрғақ кезеңдерде тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Деректерге сүйенсек, қазір штаттың 98%-ға жуығы қатты құрғақшылық жағдайында.  Өйткені Калифорнияда жаз айларына  жауын-шашын өте сирек болады. Мұндай кезеңдерде көптеген аудандарда жергілікті билік тұрғындардың суды пайдалануына шектеу қояды.

Заң бойынша Калифорниядағы су көздері үкіметтің меншігі. Бірақ фермерлердің ауыл шаруашылығына су алуға мүмкіндік беретін «Су құқығы» бар. Фермерлер бұл құқықты Калифорнияның Орталық аңғарын көгалдандыру жобасы аясында пайдаланады.

Гүлдана Елубай