• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2014

Әзербайжанмен әскери-техникалық ынтымақтастық артады

278 рет
көрсетілді

Әзербайжанда ресми сапармен жүрген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов сол елдің қорғаныс ведомствосының басшысы Закир Гасановпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. С.Ахметов қорға­ныс саласындағы екіжақты ынты­мақтастықты нығай­ту қажеттігін және оның тек екі ел үшін ғана емес, аймақтағы тұрақ­тылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сеп болатынын атап өтті. Қазақстан Қорғаныс министрі әзербайжандық әріптесін биылғы  22-25 мамыр аралығында Ас­танада өтетін үшінші халық­аралық «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды. Ол, сондай-ақ, З.Гасановты өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Өз кезегінде Әзербайжан қор­ға­ныс ведомствосының басшысы әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін және оны нығайту мен кеңейту үшін барлық қажетті жағдай жасалатынын атап өтті. Бұдан кейін Қазақстан Қор­ғаныс министрі Серік Ахметов Әзербайжанға ресми сапары шең­берінде Премьер-Министр Артур Раси-Задемен кездесті. Тараптар екіжақты қазақ-әзербайжан, оның ішінде әскери-тех­никалық саладағы қарым-қа­ты­настарды одан әрі нығайту мәсе­лелерін талқылады. Сол күні С.Ахметов Әзер­бай­жан Президенті Ильхам Әлиев­пен кез­десті. Кездесу барысында С.Ахметов Әзербайжан көшбасшысына Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың сәлемі мен игі тілегін жеткізді. «Егемен-ақпарат».