• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Маусым, 2022

Аустрияда алты медаль алды

151 рет
көрсетілді

Аустрияның Грац қаласында дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогы өз мәресіне жетті. Аталған жа­рысты жер­лестеріміз екі алтын, екі күміс және екі қола медальмен қоры­тын­ды­лады. 

Аталған додада Нұрқанат Серікбаевтың асқан шеберлігіне тәнті болдық. Аса жеңіл салмақта сайысқа түскен ол барлық қар­сыласының аяғын көктен келтірді. Тіптен ақтық сында да Нұрқанат өз қарсыласына бас көтерткен жоқ. 66 кило салмақтағы Нұрсұлтан Зайзағалиевтің де қарқынына ешкім төтеп бере алмады. Қарсы келгендерді алып та, шалып та жыққан ол алтын тұғырдан қол бұл­ғады. Мерей Марханбетов (60 кило) пен Аида Тойшыбекованың (+78 кило) да дәл сол межеден көрінуге жақсы мүмкіндіктері болды. Алайда финалда олар есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты. Ал Есмигүл Куюлова (63 кило) мен Максим Мейірлан (81 кило) қола медальға қол созды.

Осылайша, еліміздің жас дзюдошылары қатарынан екінші халықаралық турнирден олжалы оралды. Осының алдында ғана олар Испанияның Малага қаласында өткен жарыс­тан үш жүлдемен оралған еді.