Халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бюджеттен 25,8 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Оның сөзінше, министрлік халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдайды. Осындай 20 мың грантты қаржыландыруға бюджеттен 25,8 миллиард теңге көзделген. Қазірге дейін 1 400-ден астам азамат грант иегері атанды.
Айтуынша, бұл іс-шаралар тиімді жүзеге асырылуы үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар белсенді жұмыс істеуі керек. Құзырлы органдар өзара және жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас орнатуға мән беруі тиіс.