• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Маусым, 2022

Елордада Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді

319 рет
көрсетілді

Елордада «Орталық Азия – Қытай» форматында Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қытайлық әріптесі Ван Имен кездесуден кейінгі брифингіде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сапарыңыз барысында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сізді қабылдауы және «Орталық Азия – Қытай» форматында Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысуыңыз жоспарлануда. COVID-19 індеті дүниежүзілік деңгейде өзінің зардабын тигізгені рас. Қазіргі таңда бұл індетті өзара серіктестік пен қолдаудың арқасында жеңіп келеміз. Сол жеңістің айқын дәлелі ретінде 2022 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілгенін ризашылықпен атап өтемін. Рейстерді «Air Astana» мен «China Southern Airlines» компаниялары орындайды. Тараптардың шешімімен рейстердің жиілігі әзірше аптасына екі мәрте іске асырылады деп ұйғарылды», деді Мұхтар Тілеуберді.

Сонымен қатар ол Қазақстан мен Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да өңірлік және халықаралық ұйымдар аясында тығыз ықпалдастықты іске асырып келе жатқанын атап өтті.

«Қытай тарапына Азия кеңесін құру бастамасын қолдауы үшін, сондай-ақ іс-шараларға әрдайым белсенді қатысуына орай алғысымды білдіремін. Осы жылдың қазан айында Азия кеңесі құрылуының 30 жыл толуына байланысты диалог алаңының 6-шы Саммиті өткізіледі. Аталған іс-шараға Қытай тарапы әдеттегідей жоғары деңгейде қатысатынына сенімдіміз. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуынан кейінгі жуық арада елдеріміз арасындағы көп салалы ынтымақтастығымыз одан әрі еселей дамып, жаңа сатыларға жетеріне сенім білдіремін», деді министр.