• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Маусым, 2022

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы нығая береді

542 рет
көрсетілді

Қытай Қазақстанмен стратегиялық өзара сенімді мүлтіксіз нығайтады. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Осыдан 2 күн бұрын елдеріңізде Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум өтті. Оның қорытындысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформалар Қазақстан халқы тарапынан қолдау тапқандығын білдіреді. Осыған орай сіздерді құттықтаймын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді басшылығы мен бүкіл Қазақстан халқының ортақ күш-жігерінің арқасында жаңа Қазақстанды құру жолында тамаша жетістіктерге жететіндіктеріңізге сенімім мол», деді Ван И ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуден кейінгі брифингіде.

Оның атап өтуінше, Қазақстан мен Қытай достығы мыңдаған жылдардан тамыр алады және соңғы 30 жылдағы ынтымақтастыққа негізделеді.

Алдағы уақытта да екі елдің қарым-қатынасын өзара құрмет, теңдік, сенім, ынтымақтастықты күшейту, дәстүрлі достықты нығайту принциптеріне негізделеді.

«Стратегиялық өзара сенімді мүлтіксіз нығайтамыз», деді ол.