• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Теннис 07 Маусым, 2022

Қазақстандық теннисшілер Билли Джин Кинг кубогының финалына қатысады

209 рет
көрсетілді

Халықаралық теннис Федерациясы Шотландияның Глазго қаласын Billie Jean King Cup 2022 финалдық бөлігінің өтетін орны деп жариялады. Жарыс 8-13 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финалдық раундта әлемнің ең мықты теннис құрамасы үшін Австралия, Бельгия, Канада, Чехия, Италия, Қазақстан, Польша, Испания, Словакия, Швейцария және АҚШ таласады.

Біліктілік кезеңінде ұтылған Ұлыбритания командасы турнирдің иесі ретінде 12-ші қатысушы болады.

Жеребе бойынша, барлық құрамалар төрт топқа бөлінеді, олардың жеңімпаздары жартылай финалда кездеседі.

Айта кетсек, Глазго Дэвис Кубогы-2022 топтық кезеңінің төрт негізгі қалаларының бірі болды. Онда D тобының теннисшілері шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар