• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Маусым, 2022

Мексикада аспалы көпір құлады

319 рет
көрсетілді

Мексиканың Морелос штатындағы Куэрнавака қаласында аспалы көпір құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға ғимараттың салтанатты ашылу рәсімі кезінде болған. Штат губернаторы Куаутемок Бланконың мәлімдеуінше, салдарынан 8 адам жапа шеккен, оның ішінде қала әкімі мен әйелі де бар. Апат орнында құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсеткен.

Көпірдің құлау себебі әлі анықталған жоқ.

Салтанат Кенжебай